артка

М.Х. Дулати атындағы №8 гимназия
Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Басты бет
Басты
бет
XXI гасыр кошбасшысы
XXI ғасыр
көшбасшысы
Туризм
Туризм
Экология
Экология
Авторлар туралы
Авторлар
туралы

Дарындылық табиғаты туралы

Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.

Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен иез тауып алады.Егер үлкендер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалады. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады.

Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалрдың оқытылуы арнайы жасалынған бағдармалардың негiзiнде жүрсе, дұрыс болады.

Дарынды балалармен жұмыс бiздiң гимназияда да ғылыми жұмысы жөнiндегi орынбасары В.И.Калиниченконың басқаруымен жүргiзiледi. Жүргiзiлетiн жұмыстардың негiзгi бағыттары: экология, спорт, дебаттар, ғылыми жобалар, вокал, азаматтану, туризм, XXI ғасыр көшбасшысы және т.б. Олардың кейбiреулерi туралы бiздiң сайтта оқи аламыз.


Басты бет | XXI ғасыр көшбасшысы | Туризм | Экология | Авторлар туралы


Hosted by uCoz