М.Х. Дулати атындағы №8 гимназия
|
Басты бет |
XXI ғасыр көшбасшысы |
Туризм |
Экология |
Авторлар туралы |
9 "Э" сынып оқушылары |
Отанды сүю - оны бiлу деген №8 гимназия тәрбие жұмыстарының негiзгi бағыттарының бiрi - экологикалық тәрбие. Бұл жерде мемлекеттiк емес ұйым - "Жасыл республика" атты балалардың қоғамдық бiрлестiгi құрылған. Оның құрамына бiздiң жерiмiздiң тағдыры табиғаты толғандыратын гимназияның мұғалiмдерi мен оқушылары кiредi. Бұл мәселенi шешу барысында бүкiл гимназия жұмыс жасайды, жетекшi ролдi жағрафия, физика, химия және биология пән мұғалiмдерi атқарады. 9"Э" сынып оқушылары сынып жетекшiсi Марина Николаевна Ли басшылығымен бесiншi сыныптан бастап экология бағытында жұмыспен айналысады. Бұл мерзiм аралығында олар ОҚО табиғатын, сәулет ескерткiштерiн Ақсу-Жабағлы қорығының өсiмдiктер мен |
хайуанаттар әлемiн зерттедi. 2000 жылы "Экологиялық жол" атты экологиялық жобасымен Алматы қаласында өткен ЮМА (ЮНЕСКО мектептерiнiң ассоциациясы) семинарын қатысты. Олардың жұмысы ЮМА жобалар жинағында жарық көрдi. Оқушылар әрдайын экологиялық жобаларға, конкурстарға қатысып, жүлделi орындар иелендi. Гимназияда экологиядан көрмелер, экскурсиялар, семинарлар ұйымдастырылады. Туған өлке табиғаты жайлы баяндайтын ОҚО мұражайы ашылған, 2003 жылы желтоқсан айында 9"Э" сынып оқушылары Сейтжанов Садвоккас, Вершинина Анастасия, Тлеубердиева Лаура және Айдабулова Алиса "Әлем балалар көзiмен" атты экологиядан қалалық семинарға қатысып, маңызды жұмыстары үшiн мақтау қағаздарымен марапатталды. Олар ОҚО-ң өсiмдiктер әлемiн зерттеу жобасын және танымдық көрмесiн ұйымдастырған. |
Балалар табиғатты сүйiп, оның әсем-көмектесу керек. Осы мәселе бойынша №8 гимназияның жағрафия-экологиялық 11"Б" сыныбы Ольгина Наталья Васильевна басшылығымен жұмыс жасайды. Арнайы осы мақсатпен олар Дендропаркке экологиялық жол салып, табиғатпен қарым-қатынаста тәжiрибе жинайды. Бұл маршруттар тек жоғары сыныптарға ғана емес, сол сияқты бастауыш сынып оқушыларына да арналған. Ушинскийдiң айтуы бойынша "Орман iшiнде өткiзген бiр сағат, мектеп орындығына өткiзген бiрнеше сағатқа тең". Сол сияқты облысымыздың тарихымен, табиғатымен оқушыларды таныстыру мақсатында, лекциялар жүргiзiлетiн мектеп мұражайы ашылған. |
Палатка орнатуы |
11"Б" сынып оқушылары ЮНЕСКО ұйымдастырған конференцияларға қатысып, жобаларын сәттi қорғады, ЮНЕСКО сертификаттарымен марапатталды. Осы тағлымға басқа да жұртшылық ерiп, әлем табиғатын қорғау мәселесiн шешу мақсатымен бiрiгедi деген үмiт оты сөнбейдi. |
Басты бет | XXI ғасыр көшбасшысы | Туризм | Экология | Авторлар туралы